Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Дирекция қызметкерлерімен «Қызмет» кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен түсіндіру сипатында әңгімелесу өткізілді, әлеуетті кәсіподақ құрудың мақсаттары мен міндеттері туралы айтылды. Өткізілген дауыс беру қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен Дирекцияда кәсіподақ құру туралы шешім қабылданды. Кәсіподақ төрағасы болып Нұржан Мәліков сайланды.
Құрылған кәсіподақтың негізгі міндеттері:
1. әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және қызметкерлердің мүдделерін білдіру;
2. қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
3. қызметкерлер мен олардың отбасыларының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесу;
4. әлеуметтік осал және мұқтаж қызметкерлерге және олардың отбасыларына материалдық көмек көрсету.