Басты бетҚазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты құрылысы бойынша алдағы референдумды талқылауғ...

Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты құрылысы бойынша алдағы референдумды талқылауға арналған жиын

Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты  құрылысы бойынша алдағы референдумды талқылауға арналған жиын Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты  құрылысы бойынша алдағы референдумды талқылауға арналған жиын Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты  құрылысы бойынша алдағы референдумды талқылауға арналған жиын Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты  құрылысы бойынша алдағы референдумды талқылауға арналған жиын Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты  құрылысы бойынша алдағы референдумды талқылауға арналған жиын Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты  құрылысы бойынша алдағы референдумды талқылауға арналған жиын

Бүгін Қазақстан Республикасы Іс басқармасы ШЖҚ-ғы "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК-да 2024 жылғы 6 қазанда өтетін атом электр станциясын салуға қатысты республикалық референдумның маңыздылығын талқылауға арналған жиын өткізілді. Жиынды Дирекция директорының орынбасары Марлен Наурызбайұлы Ахмуханов ашып, сөзді жиынға арнайы шақырылған маман Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары - Гүлмира Дәуітқызы Мурсаловаға берді.  

Жиын барысында Гүлмира Дәуітқызы Дирекция қызметкелеріне атом электр станциясын салудың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мен атом энергетикасын дамытудағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол атом энергетикасының ел экономикасына қосар үлесі, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ, халықтың энергияға деген қажеттілігін өтеу мәселелерін атап өтті. Сонымен қатар, жиынға қатысушылардың атом электр станциясының құрылысымен және эксплуатациясымен байланысты қауіпсіздік мәселелері бойынша қойылған сұрақтарына жауап берді. Жиын соңында Марлен Наурызбайұлы мәселелердің өзектілігіне тоқтала келіп, қатысушыларды ел өміріндегі маңызды оқиғалардан тыс қалмауға, оған белсене атсалысуға шақырды.