Ағымдағы жылғы 25 наурызда Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының (ПІБ) ведомстволық қарасты ұйымдары арасында қазақ күресі бойынша турнир өтті.
Турнир ұлттық спорт түрлерін насихаттауға бағытталған ПІБ бағдарламасының бір бөлігі болды.
«Көптеген қызметкерлеріміз жұмыстан бос уақытта күреспен шұғылданады. Мықты балуандарымызды анықтау және халықтың ең сүйікті ұлттық спорт түрлерінің бірін танымал етуге қадам жасау үшін қазақ күресі бойынша турнирді ҚР ПІБ спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жоспарына енгізу туралы шешім қабылданды»,-деді турнирдің ашылуында ҚР ПІБ ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Ербол Дәненұлы Адаев.
Дирекциядан турнирге 14 жұмыскер қатысты.
Турнир екі салмақ дәрежесінде жеке есепте өтті – 82 келіге дейін және 82 келіден жоғары.
Турнир қорытындысы бойынша Дирекция 82 келіге дейінгі санатта екі жүлделі орынға ие болды:
1. Райымбек Жүпбағамбетов-2 орын;
2. Аманғаж Бодаухан - 3 орын.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Жалпы командалық есепте Дирекция 2-орын алды.
Турнирді ҚР ПІБ МТҚБ ұйымдастырды.